Қазақстанда балық өнімдері нарығы 15 пайызға өсті

 

Атыраудағы халықаралық «Қазыналы Каспий» балық форумында Қазақстанның балық шаруашылығы саласындағы оң көрсеткіштері айтылды.

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Сәрсенбай Сермағамбетовтің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі балық және балық өнімдері нарығының көлемі 108,9 мың тоннаны құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары.

«Қазіргі таңда Қазақстанда балық өңдеумен 73 ірі және шағын кәсіпорын айналысады. Оның 18-і Жайық-Каспий бассейнінде орналасқан. Салада 3 мыңнан астам адам еңбек етеді. Сонымен қатар отандық 20 кәсіпорын Еуропалық одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алған», деді ол.

2025 жылы Қазақстан 21 елге 21,1 мың тонна балық пен балық өнімдерін Германия, Нидерланд, Литва, Латвия, Ресей және Қытай секілді мемлекеттерге  экспорттаған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT