Атырау облысында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін әйелдер аз емес және 8 наурыз мерекесі қарсаңында біз көп әріптесіне үлгі болған көшбасшы әйелдің бірі туралы бөліскенді жөн көрдік.
Гауһар Қазиева — «ер адамдардың жұмысы» саналатын мұнай-газ секторында еңбек етеді. Бүгінде ол «Теңізшевройлдағы» материалдар мен қоймаларды басқару тобын басқарады және Қазақстандағы ең ірі кен орнының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Гауһар үшін ТШО әрдайым «армандағы компания» болды. 2017 жылы ашық вакансия конкурсына қатысып, ол Теңізде координатор лауазымынан өзінің мансабын бастады. Жұмыс логистика, қойма операциялары және мердігерлермен өзара әрекеттесудің толық түсінігін қажет етті. Уақыт өте келе оның жауапкершілік аймағы кеңейіп, тәжірибесі елдегі ең ірі өндірістік кәсіпорынның жұмысын толық көре білуге мүмкіндік берді.
«Менің міндетім материалдық қорларды толық басқару циклынан тұрады. Жабдықтаушылардан материалдарды қабылдау, тасымалдауды ұйымдастыру және кедендік рәсімдеуден бастап, қабылдау, сақтау, шығару және қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды тікелей өндірістік нысандарға уақытында жеткізуге дейін», — дейді Гауһар.
Бүгінде оның басқаруында жүздеген қызметкер бар, команда материалдық қорларды толық циклмен басқарады. Нәтиже әсерлі: оның жұмыс істеген жылдары қоймаларда ешқандай оқыс оқиға тіркелмеген.
Дағдарыстар, пандемия және су тасқыны Гауһардың командасын шыңдады. Оның айтуынша, әріптестердің қолдауы мен басшылардың сенімі оның көшбасшылық стилінің негізі болған. «Команда саған сеніп, әр қадамыңды қолдағанда, бұл күш пен сенімділік береді», — дейді ол.
Теңізде әйелдер маңызды лауазымдарды иеленеді және ең алдымен кәсіби маман ретінде бағаланады. «Мен жақын жылдары ТШО-ның басшылығында тағы бір әйелді көретінімізге сенімдімін. Компания әйелдердің үлесін бағалайды және олардың дамуын түрде қолдайды», — дейді Гауһар.
Ол үшін отбасы да маңызды: қызы оның шабыт көзі болып қала береді, ал мансап пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау басты приоритет. «Күн сайын мен бір уақытта мықты да қамқор болуды үйренемін. Менің отбасым — менің тірегім және алға жылжу үшін мотивациям», — деп мойындайды ол.
Гауһардың оқиғасы — кәсібилік, сенім және ішкі күш туралы, олар әлемдік деңгейде мансап құруға мүмкіндік береді, өз құндылықтарыңа, туған қалаңа және жақындарыңа адал болып қалуға септігін тигізеді. Бұл оқиға — амбиция, еңбекқорлық пен мейірімділіктің бірге жүре алатынын, шынайы әйелдің күші басқаларды шабыттандыруда және қолдауда көрінетінін көрсетеді.



