Қызметтегі шеберлік – тәжірибеден басталады:Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері практикалық сабақта

 

Атырау облысы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлығы басқармасының қызметкерлері Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына арнайы тәжірибелік сабақ өткізді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын жетілдіру, қызметтік міндеттерді орындау барысында қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыру және түрлі жағдайларда шұғыл әрі сауатты әрекет ету қабілетін арттыру.

Сабақ барысында қызметкерлердің күнделікті қызметте кездесуі мүмкін түрлі жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Практикалық жаттығулар кезінде қызметкерлер жедел шешім қабылдау, жағдайды дұрыс бағалау, белгіленген тәртіпке сәйкес әрекет ету және өзара үйлесімді жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, сабақ барысында қызметтік міндеттерді орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мен кәсіби тәсілдерді дұрыс қолдануға ерекше назар аударылды.

Тәжірибелік сабақтар полиция қызметкерлерінің теориялық білімін нақты тәжірибемен ұштастырып, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай оқу-жаттығулар жеке құрамның кез келген қызметтік жағдайға дайын болуын қамтамасыз етіп, полиция қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Атырау облысы Полиция департаментінде жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған практикалық сабақтар жүйелі түрде жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT