Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сурет видеодан алынды

 

2026 жылдың 18 мамыр – 8 маусым аралығында өткізіліп жатқан «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде Атырау қаласы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» басқармасының акт залында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Атырау ҚПБ ОТЗЗҚКБ инспекторлары, «Жаныңдамын» қоғамдық қорының координаторы, Отбасын қолдау орталығының әлеуметтік қызметкерлері және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы қатысты.

Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайту мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 108, 109, 115-1 баптары бойынша жауапкершілік, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және құқық бұзушылық орын алған жағдайда полицияның «102» арнасына жедел хабарласу қажеттілігі түсіндірілді.

🔹 Қауіпсіз қоғам – әр отбасының тыныштығынан басталады!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT