Бұл туралы Атырауда өтіп жатқан «Қазыналы Каспий – 2026» халықаралық балық фестивалі аясындағы халықаралық форум барысында Серік Шәпкенов айтты.
Каспий экожүйесін сақтау және балық қорларын қорғау мәселелеріне ерекше тоқталған ол балық шаруашылығын тұрақты дамыту мен Каспийдің экологиялық тепе-теңдігін сақтау өңірдің стратегиялық басымдықтарының бірі болып қалатынын атап өтті.

«Бүгінде климаттың өзгеруі, Каспий теңізі деңгейінің ауытқуы және табиғи экожүйелерге түсетін антропогендік жүктеменің артуы жағдайында балық қорларын сақтау мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Сондықтан халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми тәжірибе алмасу және озық технологияларды енгізу саланың табысты дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады», – деді өңір басшысы.



