«Таза Қазақстан»: Атырауда табиғат аясындағы демалыс орындарында тәртіп күшейтілді

Жаз мезгілінің басталуына орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысы аумағындағы саябақтарда, жағалау аймақтарында және табиғат аясындағы демалыс орындарында қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

Қазіргі уақытта қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тәулік бойы бақылауға алынған. Интеграцияланған бейнебақылау жүйелерінің көмегімен қоршаған ортаны ластау, қоқыс тастау және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері жедел анықталып, құқық бұзушыларға қатысты заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері бойынша 2500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Құрметті тұрғындар!

Табиғатты қорғау және оны таза ұстау – әрбір азаматтың азаматтық борышы әрі ортақ жауапкершілігі. Демалыс орындарында тазалық мәдениетін сақтап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT