«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары ауданның көрікті орындарының бірі – Жастар саябағында ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сарбаздар саябақ аумағын ғана емес, бүлдіршіндер демалатын балалар ойын алаңдарын да қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Балалардың қауіпсіз әрі таза ортада ойнауы әрдайым басты назарда.
Ауданның тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген еңбекқор жастар қоршаған ортаны қорғауға өздерінің белсенді көзқарасын тағы бір мәрте көрсетті. Белсенділік танытып, игі іске атсалысқан сарбаздарға алғыс білдіріледі!


