«Таза Қазақстан» аясында елді мекен аумағын таза ұстау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осыған орай Индербор кентінде жаңбырлы маусымға дайындық жұмыстары жүргізіліп, арық желілері мен су бұру жүйелері тазартылуда.
Қазіргі таңда «АгроСтройИндер» тазалық мекемесінің қызметкерлері арықтарды қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан, сондай-ақ жаңбыр суының ағуына кедергі келтіретін заттардан тазалап жатыр.

Жұмыстың негізгі мақсаты – жауын-шашын кезінде судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп, көшелер мен аулаларда су жиналуының алдын алу.
Тазалықтың сақталуы мұндай жұмыстардың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты тұрғындардан тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамай, елді мекеннің тазалығына ортақ жауапкершілікпен қарау сұралады.
Нұрайби БАЙНҰР
Индер ауданы



