Ауданда «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының қатысуымен санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Еңбек жасағының сарбаздары аудан көшелері мен саябақтарды, қоғамдық орындар және әлеуметтік нысандардың аумақтарын қоқыстан тазартып, арамшөптерді орып, көгалдарды күтіп-баптау жұмыстарын атқаруда. Сонымен қатар, елді мекендердің тазалығы мен көркін жақсартуға бағытталған жұмыстарға белсенді қатысып келеді.

«Жасыл Ел» бағдарламасы жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың бойында еңбекқорлықты, жауапкершілікті және туған жерге деген жанашырлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Осындай игі бастамалар арқылы аудан аумағында тазалық мәдениетін орнықтыру мен қоршаған ортаны қорғау ісіне жастардың үлесі артып келеді.
Алдағы уақытта да «Жасыл Ел» еңбек жасағы ауданның санитарлық тазалығын сақтауға және елді мекендерді көркейтуге бағытталған жұмыстарын жалғастырады.



