«Жасыл ел» – туған жерді көркейтуге қосылған үлес

 

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы – жас ұрпақты еңбекке баулып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын маңызды жоба.

Бағдарлама аясында жастар елді мекендерді абаттандыруға, көгалдандыруға және қоршаған ортаны таза ұстауға белсенді атсалысады.

Қазіргі таңда Орлы ауылдық округінде «Жасыл ел» жасақтарының жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жас сарбаздар саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, көшелерді абаттандыруға, ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптауға, ауылдың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда. Олар тек еңбек етіп қана қоймай, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиеленуде.

«Жасыл ел» – бұл уақытша жұмыс орны ғана емес, жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, еңбек тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін маңызды мектеп. Осындай игі бастамалар арқылы жастар туған өлкесінің гүлденуіне үлес қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосуда. Таза әрі көрікті ауыл – әрбір тұрғынның ортақ мақсаты. Сондықтан табиғатты қорғау мен туған жерді көркейту жолындағы «Жасыл ел» сарбаздарының еңбегі зор құрметке лайық. Олардың белсенділігі – болашаққа деген сенімнің және туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT