Сайлауалды үгіт-насихат науқаны қарқынды жалғасуда. Алғашқы күндері өз бағдарламаларын таныстыруға басымдық берген саяси партиялар енді сайлаушылардың сеніміне ие болу үшін белсенді бәсекеге көшті.
Қазіргі науқанда партиялар дәстүрлі кездесулермен қатар әлеуметтік желілерді, ашық пікірталастарды, қоғамдық іс-шаралар мен заманауи коммуникация құралдарын кеңінен пайдаланып жатыр. Бұл сайлаушылармен тікелей байланыс орнатуға және олардың көкейіндегі мәселелерге жедел жауап беруге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай белсенділік сайлауалды науқанның ашықтығы мен бәсекелестік деңгейінің артқанын көрсетеді. Алдағы кезеңде партиялар өз бағдарламаларын кеңінен түсіндіріп, қоғамның әртүрлі топтарымен кездесулер өткізу арқылы сайлаушылардың қолдауына ие болуға күш салады.


