Құлсары жағалауы жаңа кейіпке енеді

 

Туған жердің тазалығы мен көркеюі – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы мақсатта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқын алып келеді.

Қазіргі таңда Жылқышы Ізтұрғанов көшесі бойында орналасқан жағалау аумағын көгалдандыру жұмыстары басталды. Арнайы техникалардың көмегімен жерді тегістеу, аумақты көгалдандыруға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл – тұрғындардың жайлы демалысына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Жасыл желекті көбейту – болашақ ұрпаққа таза ауа мен қолайлы орта қалдырудың тиімді жолы. Сондықтан мұндай игі жұмыстардың маңызы зор. Көгалдандырылған жағалау алдағы уақытта тұрғындар мен қонақтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналары сөзсіз.

Айта кету керек, Құлсары қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып келеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асып жатқан бұл бастамалар өңірдің көркеюіне, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және тұрғындардың өмір сапасының артуына өз үлесін қоспақ.

                    Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT