Елдос Сметов гран-при турнирінде татамиге қайта оралады

 

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қытайда өтетін халықаралық Гран-при турнирінде татамиге қайта шығады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Байрақты бәсеке 26-28 маусым күндері Қытайдың Циндао қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы бұл турнирге толық құрамға жуық спортшыларын апармақ.

Ерлер құрамасында:
60 келіде — Елдос Сметов, Талғат Орынбасар;
66 келіде — Ғұсман Қырғызбаев;
73 келіде — Бақытжан Абдурахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан;
81 келіде — Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;
90 келіде — Айдар Арапов, Даниил Крылов;
100 келіде — Асқар Біржанов пен Бақжан Байтас белдеседі.

Ал әйелдер құрамасында:
48 келіде — Әбиба Әбужақынова;
52 келіде — Меруерт Сәрсенова;
57 келіде — Бақыт Құсақбаева;
63 келіде — Эсмигүл Қуйлова;
70 келіде — Ажар Асхат пен Мөлдір Нарынова;
78 келіде — Аруна Жангелдина мен Екатерина Токарева;
78 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова мен Назгүл Маратова ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысуға дайындалып отыр.

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Сурет  "КазСпорттан" алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT