- Информация о материале
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Жолдау - 2026
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 55
Қарағанды облысында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған нақты шаралар айқындалады. Құжаттың негізгі басымдықтарын түсіндіріп, оны іске асыру жолдарын талқылау үшін өңірге Құрылтай депутаттары Асхат Аймағамбетов, Вадим Басин, Үнзила Шапақ, Александр Данилов және Айсұлу Сүлейменова келді. Олар облыс тұрғындарымен, соның ішінде өндіріс жұмысшыларымен және жастармен кездесіп жатыр.
- Информация о материале
- Автор: Бекарыс
- Категория: Жолдау - 2026
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 95
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесулер басталды. Осы мақсатта құрылған топ мүшелері өңірдегі түрлі мекеме мен ұйымдардың ұжымдарымен жүздесіп, Жолдауда белгіленген басым бағыттарды талқылауда.
Бүгін Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесу өтуде. Басқосуға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Арман Хайруллин мен Мұса Хайруллиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Назарбек Қосшиев, Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықбаев, Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев және Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев қатысуда. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының стратегиялық бағыттары, экономиканы жаңғырту, энергетика саласын дамыту, еңбек нарығын жетілдіру, әлеуметтік саясат, экологиялық мәселелер мен адами капиталды нығайту бағытындағы міндеттер сөз болуда. Әсіресе, жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері үшін білім мен ғылымның ел дамуындағы орны, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру және еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделу мәселелері маңызды.
Осы тұрғыда спикерлер Жолдауда белгіленген міндеттердің салалар бойынша жүзеге асу бағыттарына тоқталып, өзекті мәселелер жөнінде түсінік беруде. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдіруде. Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді көпшілікке түсіндірумен қатар, қоғамның түрлі өкілдерімен өзара байланыс орнатып, ел болашағына қатысты бастамаларды ортақ талқылау.
Рита Өтеуғали



