шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Ауыл шаруашылығы күні аталып өтті

Қараша айының үшінші жексенбісі Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып келеді.

Осыған орай, жұма күні аудандық «Жалын» мәдениет үйінде мерекеге арналған «Ауыл – қазақтың алтын бесігі» атты салтанатты жиын болып өтті.

Шара басында аудан әкімінің орынбасары Асқар Құрманғалиұлы сөз сөйлеп, аудан экономикасының өркендеуіне үлес қосқан Сүндет Дауылбаев, Батан Ыбыраев, Жұма Құсайынов, Күнтуған Құрасов секілді ардагерлердің есімін ерекше атады. Мерекелік сәтте сала мамандарын құттықтап, оларға табысты еңбек тілеген аудан әкімінің орынбасары биылғы Елбасы Жолдауында қамтылған агроөнеркәсіп кешені әлеуетін толық іске асыру жайын сөз етіп, бұған өңір шаруагерлері де өз үлестерін қосады деген сенімін білдірді.

Сондай-ақ, Нарын ауылдық округінің шаруагері Т.Жамалиденов, «Бегайдар» шаруа қожалығының жетекшісі С.Сайпеденов және сала ардагері¸аудандық бөлім маманы Р.Орынбасароваға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады. Одан соң аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Есенұлы жылы лебізін жеткізді. Ол құттықтау сөзінен соң «С.Дәулетияров» шаруа қожалығының жетекшісі С.Дәулетияровқа аудандық мәслихаттың алғыс хатын ұсынды.

Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының мерекелік сазды бағдарламалармен жалғасты.

С.ПАНАБЕРДИЕВ.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru