Түйіткіл

Бала күнімде аңшылардың әңгімесін тыңдап, «аңшы болсам» деп армандайтын едім. Себебі, аңшылар бастарынан өткен оқиғаларын айтқанда, ертегі сияқты көрінетін еді. Аңғарғаным, аңшы болу шынымен де оңай емес екен, әсіресе, қасқыр аулаған кезде қауіп-қатер көп болуы мүмкін. Айдалада апталап, айлап жүріп аң аулау, екінің бірінің қолынан келмейтіні белгілі. Оны тек аңның қыр-сырын жақсы білетін аңшылар ғана аулай алады.

Исатай аудандық сотында жол-көлік оқиғасы бойынша қаралған істердің көпшілігі дерлік жастарымызға қатысты болып отыр, араларында үлкен ер азаматтар да бар.

Тұщықұдықтық әже Қансұлу МҰХТАРОВА редакциямызға хат арқылы жақында облыстық перзентханада болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді. Онда былай делінген: 

Бір көсек етен жараттың Алла,

Кеудеме менің жан салдың, Алла,

Шаланжансар болғанымменен,

Өмірді мынау қарсы алдым, Алла.

Денем мұздап, жүрегім сыздап

Іздеген едім жылылық.

Іздеген мейір табылмай,бірақ,

Өн бойым кетті суынып.

Мәңгілік ешкім болмайды,

Ажалға қарсы тұрмайды.

Себепсізден себепсіз,

Қиналып өлсең, сол қайғы.

Бұл - періште-көңіл сәбидің мұң-зары. Адам баласының бәрі де сәбиден өседі емес пе? Қазақта «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген сөз бар. Ал, жақында перзентханада орын алған жаңтүршігерлік жағдай көптің көңіліне қаяу салды. Адам жанының арашасы, адамзаттың қорғаны бола біледі деп сенген дәрігеріміз мынадай іс жасағанда енді кімге сенеміз. Құрметті дәрігерім. Бәріміз де Алланың пендесіміз ғой. Ол сәбиді жаратты, саған ұсынды, сен қолыңа алып, «Биссмилләир рахмәәнир рахим» деп айтуың керек еді. Міне, Алланың ісіне қарсы шыққаның, ойланбауың, асығыстық жасағаның. Барлық іс-әрекеттеріңді жайып салды емеспе. «Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді» дейді. Не нәрсенің де киесі болатыны анық.

Мен де ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере-жиен, шөбере көріп отырған анамын. Мына газетті оқып, көзіме жас алдым. Өмір есігін шалажансар ашқан кішкентай тіршіліктің, шарана сәбидің не жазығы бар еді? Айтар ауызға естір-құлаққа білдей, бүкіл халық қарап отырған атағы дардай облыс емеспе? Қазақта мынадай жабайылау мақал бар: «Адам азарда бит-қотыр болады». Осының бәрі «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ, талап жоқ, тәртіп жоқ, қадағалау жоқ, бірі-біріне жылы жүрек жоқ, бірлік жоқтықтың кесірі, қайғылы нәтижесі. «Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың» деген (Абай) ынтымақ, бірлік болуы керек, сонда ғана ел боламыз. Қолыма қалам алғызған, тірі туып, өлген сәбидің мұңы. Кешірерсіздер...

Қансұлу МҰХТАРОВА,

зейнеткер,

Тұщықұдық ауылы

Аудандық ішкі саясат және қоғамдық келісім кеңесінің бірлесіп ұйымдастыруымен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Страница 1 из 4

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521