Атыраудағы NIS оқушылары шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға қабылданып, ұстаздарын, мектеп ұжымын қуантуда. Бұл жолғы жақсы жаңалықтың жөні бөлек. Мектеп табалдырығын аттағалы бері күміс көмей даусымен күллі ұжымды ғана емес, қала, облыс жұртшылығын өзіне баурап үлгерген 12-сыныптың өнерлі оқушысы Амина Курбанова Американың 6 түрлі жоғары оқу орындарынан музыкалық индустрия бағытында білім алуға  шақырту алды

Заман азғындығын, қатал тағдырдың ащы шындығын сөз ете білген қазақ зиялыларымыз, қазақ әдебиетінің дамуына зор ықпалын тигізді. Сондай ірі тұлғаларымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романы. Шынайы оқиғаға негізделген психологиялық роман. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен қатар қазақ халқының тұрмыс деңгейі, адамдар арасындағы өзара қақтығыстар, түрлі көзқарастар мен салт-дәстүрлер, ел мен жер, келешек күндерге деген наным-сенім анық көрініс табады.

Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен отбасының балалары онлайн форматта білім алады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Аманшиева мәлімдеді. 

Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру – бүгінгі білім кеңістігіндегі құптарлық істердің бірі. Жуырда қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жарысы Щучинск қаласында ұйымдастырылған 2-7 сынып оқушыларына арналған ХІХ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының да мақсаты сол болды. Республикалық-қорытынды кезең саналатын бұл жарысқа еліміздің барлық облысы мен қаласынан 368 оқушы қатысты.

Өңірде қазақ тілінің қарапайым деңгейін тегін оқып-үйрену үшін «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы құрылып, 2022 жылдан бері өз жұмысын жасап келеді. Былтыр тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын) үйренудегі озық оқыту технологияларының маңызды бағытында 900 адам тегін білім алса, биыл 950 адамды тегін оқыту жоспарлануда. Бұл туралы Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521