шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Ер есімі – ел есінде

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. Ол - ұлттың рухын асқақтататын, халықтың қайсарлығын оятатын үлкен ұғым. Қай уақытта да қасиетін жоймайтын бабалар ерлігі мамыражай мамыр айы келгенде жаңғыра түсетіні белгілі.

Бұл жолы да аудан орталығында Отан үшін от кешкен боздақтарды бейбіт ұрпақ есіне алды. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға арналған ескерткіш-обилискіге мекеме, кәсіпорын ұжымдарынан құралған колонналар гүлдестелер қойды. Шарада 14 колоннамен 50-ге жуық мекемеден барлығы 700-ге тарта адам жүріп өтті. Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Е.Әбілхасимов жиылғын көпшілікке жылы лебізін білдірді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru