шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Саяси науқанда белсенділік танытайық

Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі бұл шешімнің қабылдануына туған елінің тағдырына алаңдайтын барша қазақстандықтар қолдау көрсетіп, аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Жүзеге асырылғалы отырған сайлау біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды.

Еліміздің әлеуметтік дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Елбасының сара жолын сабақтастықпен жалғастырушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлттар мен этнос өкілдерінің конституциялық құқықтарын толық пайдалануына мүмкіндік беріп отыр. Елде саяси тұрлаусыздық пен белгісіздік болмау үшін сайлау арқылы сайланған Президентіміздің нық отырғаны дұрыс. Бұл Президентке толыққанды ішкі-сыртқы саясатымызды жүргізіп, мемлекеттік даму стратегиямызды әрі қарай жетілдіруге мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстанды әлем мойындағаны рас. Экономикалық, рухани және әлеуметтік салада жетістіктер аз емес. Енді еліміз дамудың жаңа сатысына өтер кезеңде де белсенділік танытуға тиіспіз.

Арманбек МАХМУТОВ,

аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru