шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Айшықты мейрам алты күнге созылды

Наурыздың 16-сы күні бастау алған «Армысың, әз наурыз!» атты мекемеаралық байқау қамысқалалықтарды алты күн бойы думанға бөледі.

Ұлыстың ұлы күнін осы жылы өзгеше қарсы алған көпшілік орталық алаңда ауылға қызмет көрсетуші мекемелер дайындаған концерттік бағдарламаларын, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне байланысты рәсімдері мен ертегілерден көріністер және спорттық ойын түрлері сайыстарын тамашалады. Әр күнгі шара соңында ауылдың ардагерлер алқасының төрағасы Сергей Нығметжанов жиналған қауымға бата беріп отырды. Байқау болғандықтан, мерекелік шаралар өз мәресіне жетіп, 21-наурызда мәдениет үйінің өнерпаздары қорытындылап, ең таңдаулы номерлер сахналанды. Осы істің басы-қасында жүрген ауыл әкімі Рафиғат Тәжиденова: - Әз Наурыздың әр күнін сіздермен бірге мәнді де сәнді қып өткізуге бар жағдайды ескеріп, осы ауылдағы барлық мекемелер өз шығармашылық өнерлерін ортаға салып, ерекше атсалысты. Бар жақсылықты паш ету мақсатында ұйымдастырылған шарада ұлттық салт-дәстүр құндылықтары насихатталып, қоғамдық өмірде де үлкен жауапкершілік арқалап жүрген барлық мекеме басшылары мен ұжымдарына алғыс айтамын,- деп мерекелік тілегін жеткізді.

Байқау соңында әділқазылардың ұйғарымы бойынша I дәрежелі дипломмен «Айжұлдыз» бөбекжай-балабақшасы марапатталып, 2-ші және 3-ші орындарды Новобогат орта мектебі мен «Аққу» бөбекжай-балабақшасы бөлісті. Ал өзге мекемелер Алғыс хаттармен марапатталып, ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru