шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Аудан тарихы – архив құжаттарында

Ауданымыздың алғаш құрылғанына 90 жыл толуына орай аудандық архив қызметкерлері Аққыстау ауылындағы Өркен орта мектебінде болды.

Онда олар мектептің 6 «а» сынып оқушыларымен танымдық шара ұйымдастырып, архив қорына жинақталған фотосуреттерден «Аудан тарихы – архив құжаттарында» тақырыбымен көрме жасақтады. Ондағы мақсат – өскелең ұрпақты ауданымыздың бастапқы құрылған кезеңінен күні бүгінге дейінгі тарихынан хабардар ету, 90 жылдық тарихы бар өз ауданының өткенін білуге деген қызығушылығын арттыру.

Шараны ашқан аудандық архив басшысы Ж.Ахмедьярова аудан тарихы туралы баяндады, көрмеге қойылған жәдігерлердің әрқайсысына тоқталып, таныстырды. Оқушылар суреттер сырына ғана емес, көптеген деректер, түрлі жазбалар, фотосуреттер мемлекеттік тұрақты сақтауға жинақталған архив құжаттары халықтың өткен өмірін сипаттар мағлұматтарды кейінгі ұрпаққа жеткізудің құндылығына, сондай-ақ олар адам ғұмырының қағаздағы ізі екендігін де қаныға түсті. Шара соңында мектептің ұйымдастырушысы Ш.Сисенғалиева мен сынып жетекшісі А.Намазова ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Лаура НАУАНОВА.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru