шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Қазан айы қыңыр мінез көрсетеді

«Бұл жылдың қазан айы қыңыр мінез көрсетеді» дейді мамандар.Олардың айтуынша, айдың басында елдің көп бөлігінде үсік жүріп, артынша күн 28 градусқа дейін ысиды екен.

Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері мәлімдеді. Болжам мынадай: Айдың басында Қазақстанда ауа-райы тұрақсыз болады. Солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, жел тұрады. Осыдан кейін елдің көп бөлігінде күн жылиды. Солтүстік өңірлерде ауа-райы 22 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстікте бұл көрсеткіш 28 градусқа дейін жетеді екен. Алайда, қазақстандықтар жылы күндерге көп уақыт қуана қоймайды. Себебі, бірінші онкүндік аяқталып, екіншісі басталғанда барлық облыстарда жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Суық ауа-райының кезекті толқыны үшінші онкүндіктің ортасында басталады. Бұл уақытта солтүстікте ауа-райы күндіз 0-5 градус суық болса, түнде бұл көрсеткіш - 5-3 грудусқа тең болады. Аталған кезеңде оңтүстік өңірлерде 10-18 градус жылы болса, түнде ауа-райы 0-5 градус суықты көрсетеді екен. Айдағы ауаның орташа температурасы қалыпты көрсеткіштен 1 градус жоғары болмақ.

С.МҰРАТХАН.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru