шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Балық аулаудың да Тәртібі бар

Аудандық сот өткен жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 383-бабымен, яғни, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу іс-әрекеттері бойынша 21 адамға қатысты 21 істі қарап, әкімшілік айыппұл салу жазасын тағайындады.

Алдыңғы жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырар болсақ, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық істердің көбейгені байқалды.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігіне әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу болып табылатын басқа да әрекеттер.

ҚР-сы ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР-сы ӘҚБтК-нің 383-бабының 4-бөлігіне сай осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады. Балық аулаудың да өз ережесі бар, сондықтан балық өнімдерін пайдалану барысында заңдылықтарды сақтап, заң бұзушылықтарға жол берілмеуі қажет.

Гүлназ САРИЕВА,

аудандық соттың бас маманы, сот отырысының хатшысы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru