шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Батагөй

Қазақпен бірге жасасып келе жатқан салтымыздың бірі – бата беру. Ұрпағын бала кезінен үлкеннің алдын кесіп өтпей, ақ батасын алуға тәрбиелеген халқымыз батаның адам өміріне тигізер әсері аз емесін жоққа шығармайды.

Соған орай халқымызда көпті көрген, әрқашан игі тілек пен батасын беріп, жақсыға ниеттес болып отыратын, ел ішінде де, ел билеушілері алдында да беделі зор, аузы дуалы, көреген, тілегі қабыл болатын жасы үлкен адамды батагөй деп бөлек құрметтейді.

Қасиетті Нарын өңірінде де батагөй қариялар аз болмаған. Солардың санатында біз білетін бүгінгі батагөйлердің бірі – забурындық ақсақал, осындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Уахит Әділов ағамыз. Әрине, ауыл-ауылда қол жайған үлкен-кішіге бата беруші жандар жиі кездеседі, мұны өте құптаймыз. Ал, Уахит ағаның орнының бөлектігі – оның сол батагөйлер арасынан суырылып шығып, көптің көзінде де, көңілінде де қалып жүргендігі...

Mақаланың жалғасын газет бетінен оқыңыздар

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru