шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Бизнес ашамын десеңіз жаңа мүмкіндік

Кәсіпкерлерге арналған «Жарқыра» жобасы облыстағы әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудің кәсіпкерлік жолдарын қамтамасыз етіп, тың инновациялық бастамаларға көмек көрсетеді. Жобаны қаржыландырушы «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы.

Өткен аптада ауданымызға арнайы келіп, жергілікті кәсіпкерлікті бастаған және енді бастамаққа ниет етіп жүрген азаматтармен кездес-кен аталған бағдарламаның аймақтық үйлестірушісі Асқар Секербаев аталмыш жобаны аудан жұртшылығына таныстыра келіп, оның басты бағыттары мен негізі көздеген мақсаттарын түсіндірді. Оның айтуынша, «Жарқыра» жобасы тек байып, коммерциялық тұрғыда жетістікке жетуді емес, ел ішіндегі қордаланған әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, сол арқылы табыс тапқысы келетін адамдарға арналыпты. Мәселен, пластик қалдықты қайта өңдеу, түзеу мекемесінен шыққан әйелдерді оңалту, бойжеткендер мен тұрмыстағы әйелдерді қолдау, сал ауруымен сырқаттанатын сәбилерді оңалту секілді жобалары арқылы «ТШО» компаниясынан грант алып, бүгінде сол арқылы аймақтың әлеуметтік жағдайын шешуге атсалысып әрі қаржы тауып жүрген әлеуметтік кәсіпкерлер бар екен. Тек олардың көбі Құлсары мен Атырау қалаларында орналасқандықтан, жоба үйлестірушісінің біздің ауданға келу мақсаты да ауылдық жерді де дамыту болғандықтан, жиылғандарға әлеуметтік грант жөнінде кеңірек түсіндірді.

Өз кезегінде ауылдық тұрғындар да бұл жобаға қызығушылық танытып, ынтамен өз сауалдарын қойып, Атырау қаласында өтетін жалпы жиынға қатысуға тіркелді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru