шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Ішкі істер бөлімі халық алдында есеп берді

Өткен аптада аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Иса Бекқалиев халық алдында өткен 2018 жылы атқарылған жұмысын қорытындылады.

Жиынға аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық және ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімдері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Мұндай шаралар қоғам мен заң өкілдері арасында ақпарат ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып келеді. Бөлім басшысының айтуынша, өткен жылы тіркелген қылмыстық істер мен құқық бұзушылық (146-дан-120-ке) немесе -17% -ке азайған. Бұл - алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір төмен деген сөз. Өткен жылы аса ауыр қылмыстар, қарақшылық, қалта ұрлығы тіркелмеген. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығымен айналысатын 181 қыстақ тексерілген. Қыстақтардан тіркелмеген 3 қару тәркіленген. Ауылдық округтерде ауыл әкімдері полиция бөлім басшыларымен, учаскелік полиция инспекторларымен және криминалды полция бөлімінің жедел уәкілдерімен бірлесіп 61 кездесу өткізген. Бақташы ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою, қажетті құжаттарды алу тәртібі және жануарларды тасымалдау ережелері бойынша жергілікті тұрғындарға ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді...

Материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru