шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

«Отаншылдыққа үндеп келеміз»

Тұщықұдықтық Ғалихан Шамаров та ауған соғысына қатысқан сарбаздардың санатынан. Өзгелеріне қарағанда белсенділігі басым оны аудандағы ауған соғысы ардагерлері «біздің есепте жоқ аудандық ұйымымыздың жетекшісі» деп әзілдеп қояды.

Бұл, әзіл де болса, олардың шынайы ризашылығынан шыққан лебіздері. Біз де онымен жүздесіп, бірер сұрақ қойдық.

- Ауған соғысы 10 жылға созылды ғой. Сіздер сол алапаттан қай жылдары өтіп едіңіздер?

- 1986 жылдың сәуірінде армия қатарына шақырылып, 6 ай Ашхабад қаласындағы оқу-жаттығудан өттім. Содан, қараша айында Ауғанстанның Парган аталатын провинциясының Пандшер уезіндегі Руха деген жерден бір-ақ шықтық. Ауылдасым Айболат Абдолов екеуміз ауылдан шыққаннан қайтып оралғанша бірге болдық. Руха Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан қыстақ болатын. Біз 26-а деп аталатын ең жоғарғы нүктеде болдық. Таулы жердегі әскери постылар осылай нөмірленетін. Таудағы дұшмандарға оқ-дәрі өткізілмеуін қадағалайтынбыз, сол үшін ұрысқа түсіп тұратын кездер де болды.

Дұшмандар қолынан келген қаскөйлік әрекетін жасап бағатын. Бірінде төмендегі полкке бара жатқан ұлты өзбек Нұрқадір деген жауынгер мен ақтөбелік Бекболат Еренов деген қаруласымыз минаға ұрынып қалды. Бекболат бір аяқ, екі көзінен жараланды.

- Аудандағы ардагерлер бір-біріңізбен жиі хабарласып тұрасыздар ма?

- Қазір ауданда 9 ардагер бар. Негізі 11 едік, екеуі, Әлімғали Мұқанов пен Жұмат Әбуов о дүниелік болды. Екі ардагер жесірін де қатарларымызға қосып жүреміз.

- «Ерлік – елге мұра» дейді. Сол ерліктің бір иесі сіздер деп білеміз. Осы тұрғыдан алғанда ауған соғысы ардагерлерінің жастар, жасөспірімдер тәрбиесіне араласа жүруі де маңызды ғой.

- Әрине, жас буынды отаншылдыққа үндеп келеміз. Біздің ардагерлер мектептердегі патриоттық тәрбие тақырыптарында өтетін кездесулерге арнайы қатысып тұрады. Жалпы, жігіттердің бәрі де шақырған жерден қалмауға тырысады. Облыста Ғабиден Қайыржанов басқаратын ұйымымыз бар, солардың ұйымдастырған іс-шараларына да уақыт тауып қатысуға жұмыстанамыз.

Шыны керек, кейде реті келмей жатады. Жуырда Зинеден ауылындағы мектепке кездесуге шақырған, көлік болмай, барудың сәті түспеді. Осындай кездерде басшы азаматтардан қолдау болып тұрса дейміз.

- Кәсіпкерлер тарапынан көмек болып тұра ма?

- Аудандағы төрт кәсіпкер азаматқа ризамын. Кейбір шараларға сол Алмас Аманбаев, Дарын Зұлхашев, Абай Жанесенов, Асылан Салхаденов сынды жігіттер қол ұшын беріп, қаржылай көмек етіп жүр. Әрине, бәрі ұрпақ тәрбиесі үшін ғой, соны түсінген азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru