шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тікелей эфирден тыңдады

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында белсенді жастар Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Жастар жылының ашылу салтанатын тікелей эфирден тыңдады.

Тыңдалым аяқталысымен аудандық жастар ресурстық орталығы басшының міндетін атқарушы Думан Дүйсенбаев қатысушыларды дөңгелек үстел басына жинап, Жас-тар жылымен құттықтады. Жиында ол Елбасының жастар туралы айтылған ойларына кеңінен тоқталып, ашық пікір алмасуға шақырды.

- Елбасының биылғы жылды Жастар жылы деп атауының өзі біздерге үлкен серпіліс береді. Қазіргі таңда еліміздің әр аумағында жастар білім алуға, ізденуге, тың жобалармен жұмыс жасауға білек сыбана кіріскен. Бұл - Елбасының жастарды қолдау бағытында жасалған бағдарламалардың іске асып жатқандығының дәлелі. Елбасы әрбір кездесуінде жастарға маңыздылығы зор міндеттер жүктеп, үлкен сенім артып келеді. Тікелей эфирде көргендеріңіздей, жастар аз уақыт ішінде өз кәсібін домалатып, шетелдерге танылып, еліміздің атын шығарып жатқандарын мақтанышпен айтып жатыр.

Бұны көрген кез келген жастың бойында құлшыныс пайда болары сөзсіз. Осы орайда жастар белгілі бір табысқа немесе «жұмыссызбын» деп қол қусырып жүрмей үнемі ізденісте болуы тиіс. Бүгінде тың жобасы бар, жеке кәсібін ашамын деген әрбір тұлғаға барлық жағдай жасалған. Тек талпыныс керек, - дейді жас кәсіпкер Азамат Балмурзин.

Сонымен қатар, аудан көлеміндегі жұмыссыз жастарды белсенділікке тарту, жас отбасылар татулығы жайында жан-жақты пікірлер айтылып, арнайы жастар орталығы болып, әрбір ауылдық округте тікелей жастарды қадағалайтын жас мамандарға штат құрылса деген ұсыныстар назарға алынды.

Әйгерім Құбаева,

Беттегі суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru