шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Үздік мұғалім

Үздік мұғалім Облыстық білім беру басқармасының жоспарына сәйкес «Ең үздік дене тәрбиесі пәні мұғалімі – 2018» аудандық байқауы дене тәрбиесі мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету, аталған кәсіптегі ұстаздар еңбегінің беделін арттыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кәсіби жобаларын іске асыруға негізделген болатын.

Аталған байқауға ауданымыздың жалпы білім беретін 8 мектебінен ұстаздар қатынасып, өз бақтарын сынады. Байқау «Педагог - шебер», «Жаңа мектепке – заманауи сабақ», «Тиімді жұмыс тәжірибесі – әркімнің тәжірибесіне», «Достық стадионы» кезеңдерінен құралды. Байқау қорытындысы бойынша үздік танылған Абай атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Гүлмира Уралбекова аудан намысын қорғап, облыстық байқаудың облыстық кезеңіне де қатысып, өз шеберлігін, жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, Бас жүлде иеленген еді. Республикалық деңгейде үшінші рет ұйымдастырылып отырған дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің өз педагогикалық шеберлігін дәлелдейтін осындай үлкен байқауға облыс намысын қорғауға тұңғыш рет ауданымыздың мұғалімі баруы біз үшін үлкен мақтаныш. 14 облыстан жиналған кіл мықтының арасында біздің Гүлмира арнайы «Сертификатпен» марапатталды.

Мырзахмет ГУБАШЕВ,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru