Атырау қаласында өткен IV балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Ақ сұңқар» халықаралық фестиваль-байқауына Новобогат балалар саз мектебінің оқушылары да қатысқан болатын.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық шеберлігін шыңдау, қызығушылығын дамыту, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру болатын. Осындай мақсатта ұйымдастырылған байқауға Новобогат балалар саз мектебінің сырнай аспабы бойынша қатысқан оқушылар Болат Ізбасқанұлы (жетекшісі А.Тұхпатова) – 1 орынды, дәстүрлі ән жанры бойынша Айзере Сағидолла (жетекшісі А.Базарова) – 1 орынды, домбыра аспабы бойынша Асылжан Нәби – 1 орынды, Жантөре Ғайнеден мен Нұрмұхан Кенжеғали (жетекшісі Ж.Алипова) – 2 орынды иеленді.
Нэля ЖАҚСЫМБЕТОВА,
Новобогат балалар саз мектебінің директоры