шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Патриоттық әндер байқауы

«Жалын» мәдениет үйінде Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай аудандық мектеп оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді.

Мектеп оқушылары арасында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға «Жалын» мәдениет үйі мен аудандық білім бөлімі демеушілік жасады. Байқаудың шарты бойынша әр оқушы екі әннен және сол әннің жанры соғыс тақырыбында орындалуы тиіс. Сайысқа түсушілердің вокалдық, актерлік шеберліктері мен сахна мәдениетін жан-жақты саралауға арнайы қазылар алқасы төрелік етті.

Көрерменді ән сиқырына бөлеген қатысушылар арасынан жоғары деңгейде орындау шеберлігімен көзге түскен Нұрхан Әмидолла бірінші, Құралай Русланқызы екінші орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алса, Равиль Ерланұлы үшінші орынды қанжығасына байлады. Ал, басқа да сайысқа қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

Байқау соңында сөз алған қазылар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз алғысын білдіріп, шәкірттерін жоғары деңгейде шыңдап, жол көрсетіп жүрген жетекшілері Исатай орта мектебінен Сара Жұмағазиева, Өркен орта мектебінен Абзал Баташев, Х.Наубетов атындағы орта мектептен Нұрғаным Жиенғазиеваларға арнайы алғыс хат табыс етілді.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ,

Cуретті түсірген:

Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru