шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Айару Азия және әлем біріншілігіне барады

Үстіміздегі жылы Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында джиу-джитсудан 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер мен 2002-2003 жылы туғандар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.

Аталмыш жарысқа республикамыздың 14 облысынан 650-ге жуық спортшы қатысты. Соның ішінде Атырау облысы құрама мүшелерінен Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да қатысып, бақтарын сынаған болатын.

Қорытындысында 63 келі салмақта Айару Шұғұпан (файтинг) жаттықтырушысы Н.Абдешпен +63 келі салмақта Гүлжанат Болатова (неваза) жаттықтырушысы А.Ғалымұлы екінші орын алса, 50 келі салмақта Бейбарыс Әділжан (файтинг) жаттықтырушысы А.Ғалымұлы үшінші орын иеленіп, олжалы оралды.

Ал, Айару Шұғұпан алда болатын Азия және Әлем біріншілігіне баратын болды.

Нұрсұлтан АБДЕШ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru