шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Судың да сұрауы бар

Өткен аптада аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тоғыз айда жасаған есебін тыңдаған аудан әкімі Марат Мурзиев осылай деді.

–Су неғұрлым көбiрек тұтынылса, ауыз су тапшылығы соғұрлым арта түседi. Ауыз су тапшы болған сайын, оның құны да өсе түседi. Бiздiң мiндетiмiз - судың үй шаруасындағы шығынын азайту. Күнделiкті өмiрде бiз кранымыз арқылы қанша су аққанына назар аудармаймыз, су өлшегiштер болса да, оны қажеттiден бiрнеше артық жұмсаймыз. Бұл - су үнемдеудi әлi де үйрене алмай келеміз деген сөз. Тұрмыстағы суды үнемдеу арқылы ақша үнемделедi. Су есептегiш орнатылған күннiң өзiнде бiздiң тұрғындарымыз әлi күнге тектен-текке суды ағызып қоятын әдетiн қоя алмай отыр.

Басқа елдерде пайдалануына қарай техникалық су мен ауызсу екiге бөлiнген. Ал бiз барлық мақсатқа таза ауызсуды пайдаланудамыз. Мысалы, көшенi жууға, мәшиненi жууға, құрылыс жұмыстарына және т.б. ауыз су емес, техникалық су пайдаланса да болады. Бұл бетiмiзбен кете берсек, судың зардабын қатты тартатын кез келедi. Сондықтан суды тиімді пайдалануға шақырамын, – деді аудан әкімі.

Осылай деген аудан басшысы суды үнемдi пайдалану кез келген адамға, сондай-ақ, техника мен технологияны жетiлдiрумен және жаңартумен айналысатын инженерлер мен техниктердiң шығармашылық iс-әрекеттерiне де тікелей байланысты екенін атады.

Аяпберген САЛИХОВ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru