bannerqaz

Аналарды ардақтап, ардагерлерді құрметтеді

Ару Астананың мерейлі тойы сәтінде Тұщықұдық ауылдық округінде де мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Соның бірі әрі бірегейі округ орталығындағы "Жеңіс" саябағында шілденің 2-сі күні кешкілік бүкіл ауылды думанға бөлегендей болған "Ару қалам - Астана" атты мерекелік салтанат еді. Арнайы жоспарға сай ұйымдастырылған шара өзіндік мән-мазмұнымен ерекшеленгенін айта кету абзал. Ауыл тұрғындары көптеп жиылған салтанатта көп бала өсіріп, тәрбиелеген Парасат Сабырова, Мөлдір Мұханбетова сынды аналарға "Күміс алқа" тапсырылып, ауылдастар қуана қол соқты. Ал ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ауыл шаруашылық ардагерлері Тілек Сағынғалиев, Оян Бауенова, Еркін Мұханов сынды ауылдастар "Ауыл еңбегі үшін" медалін иеленіп, мерекеде мерейлері үстеді.

Астана тойында оның құрдастарына көрсетілген құрмет көпті риза еткенінің куәсіміз. Сөйтіп, 1998 жылы 6 шілде күні дүниеге келген ауыл жастары Қамажай Жоламанова мен Балауса Осихатоваға тұщықұдықтықтардың үлкен-кішісінің қошеметі аз болмады.

Мерекелік салтанатқа қатысқан "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақтолқын Ахметжанова партияның дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген белсенділер Алтын Шамшиденова мен Лариса Насиповаға Алғыс хаттар ұсынды.

Мерекелік шарада ауыл өнерпаздары да жиналғандарды бек риза етті. Олардың арасынан мәселен Руслан Бермағамбетов «Туған өлке», «Арман қала – Астана» әнін әуелетсе, Алтынай Әділбекова «Қараторғайды» нәшіне келтіре шырқады. Ал Меңдібек Жұмағалиев "Түнгі лирика», "Сағынышым" әндерін, Ұлмерек Демесінқызы "Сыпыра жырау" термесін шебер орындап, Айтқабыл Латиф мен Әбілхайыр Есентайұлы күй жарыстан шашу шашты. Ауыл жастарының дайындаған қазіргі заманауи флешмобы да шырайын келтірген мерекелік шара соңы жастардың би кешімен жалғасты.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz