Ардақты аудан тұрғындары!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – барша түркі халықтарына ортақ той. Наурыз - ата-бабамыздың даңқын дәріптеген дәстүрлі рәміз. Бүгінгі биік рухымыздың да, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің де өзегі - осында. Олай болса, біз үшін бұл күн - риясыз шаттық пен қуанышқа толы мереке.

Наурыз - жер бетіндегі тіршілік атаулыны ұйқысынан оятып, жақсылық пен құт-берекенің көзін ашып, күн мен түн теңелетін күн. Елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған күн. Наурыз мейрамы - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы!

Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай кезде де, қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген. Ырыс-берекенің бастауы болған бұл мерекені исатайлықтар да лайықты табыстармен қарсы алып, алдағы жылға зор үміт пен сенімдерін артып отыр.

Баршанызды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін дегім келеді.

Әз Наурыз құтты болсын!

Құрметпен,

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521