bannerqaz

Балаларға тәттілер таратты

Х.Ерғалиев ауылында да 1 маусым - Балаларды қорғау күні атаусыз қалмады. Мерекеге орай «Бар мейіріміміз – балаларға» тақырыбында мерекелік шара Р.Ғабдиев атындағы саябақта өтті.

Онда округке қарасты екі орта мектеп пен екі балабақшаның бүлдіршіндері ән мен күйден шашу шашып, айтыс жанры бойынша да өнерлерін ортаға салды. Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін мереке екені белгілі. Осы орайда «Капитал» ЖШС директоры Қ.Айбатыров мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін сыйлықтар таратса, ал ауыл тұрғыны Б.Утенов тәтті сусындар мен балмұздақтар таратып, бүлдіршіндердің көңілдерін бір көтеріп тастады.

 

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz