bannerqaz

Дарынның «Құрметті азамат» куәлігі анасына табысталды

Астана күніне арналған мерекелік салтанат «Қазақ елі» мәдени-демалыс саябағында өткен алғашқы шара болды.

m

Санаулы минуттар бұрын тұсауы кесілген саябақта Елорда күні мерекесі аталды. Марапатпен басталған шарада аудан әкімі Марат Мурзиев аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Құлғалиева, аудандық мәслихат депутаттары Лиза Мутянова, Нұрым Мусин, аудандық орталық аурухананың бас мейіргері Назым Ідірісова, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқалиға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады.

m

Аудан басшысы сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Дарын Зұлқашевқа берілген Исатай ауданының Құрметті азаматы атағының куәлігі мен төсбелгісін марқұмның анасы Күлән Әженқызына ұсынды.

m

Мерекелік шарада мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Жансих Маштахов пен Исатай ауылдық округінің әкімі Ұлбосын Хисымға аудан әкімінің құттықтау хаты тапсырылды. Ұлбосын апай, сонымен қатар, облыстық мәслихаттың алғыс хатымен марапатталды.

m

m

Мерекелік салтанат аудан өнерпаздарының сазды бағдарламасына ұласты. Дәстүрлі ән-күй, астана, Отан, туған жер тақырыбындағы әуезді әндер саябаққа жиылған көпшіліктің көңілін көтерді.

m

m

Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған «Жалын» мәдениет үйі ұжымына аудан жұрты риза кейіпте тарқасты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz