bannerqaz

Исатай ауданының әкімі 30 балаға 25 мың теңгеден қаржылай сыйлық таратты

Бүгін «Дария» мейрамханасында Исатай ауданы әкімінің қайырымдылық шыршасы өтті.

a

Жаңажылдық әсем бейнемен әрленген мейрамхана залында шырша тойы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған аудан әкімінің қайырымдылық шыршасында көпбалалы отбасы бүлдіршіндері, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары және мүмкіндігі шектеулі сәбилер көңіл көтеріп, бір марқайып қалды.

acim2020

Шырша тойына қатысушы барша қонақтар мен сәбилерді мерекемен құттықтаған аудан әкімі Марат Мурзиев алдағы жыл табыс пен молшылық жылы болсын деген тілегін жеткізді.

acimsh

– Балаларымызға ең бастысы денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін. Ата-аналарыңның айтқанын тыңдап, сабақтарыңды беске оқып, биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспін. Сіздерге сапалы білім беру мақсатында елімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Әлеуметтік сала бойынша да біраз жұмыстар атқарылды, одан ауданымыз да тыс қалған жоқ. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады, - деген аудан басшысы сәбилерге қуаныш тілеп, оларды Жаңа жыл шарасын көңілді өткізуге шақырды.

acimsh4

acimsh565

Жылы лебізінен соң аудан әкімі 30 балаға Жаңажылдық тәттілерге қоса 25 мың теңгеден қаржылай сыйлық ұсынды. Шара барысында құттықтау сөз кезегін алған «Сазанқұрақ» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары Лю Вэньци сәбилерге ақ тілегін арнап, компания атынан сыйлықтар тапсырды. Әдемі өткен кеште балғын бүлдіршіндер Жаңажылдық ертегі қойылымын ұсынып, әсем әндер айтылды. Кішкентай бүлдіршіндер де өз өнерлерін ортаға салды.

acimsh6

Өз тілшіміз

Жарнама

strakhovaniya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қаңтар 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz