bannerqaz

Исатайлық полицейлер бүлдіршіндерді қуантты

Исатай аудандық полиция бөлімінің бастамасымен 1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесіне орай өңірдің тәртіп сақшылары бүлдіршіндерге тосынсый жасады.

Полицейлер тәртіп бұзғандарды құрықтаушы, жаза басқандарды жазалаушы ғана емес. Қоғамдағы тәртіптің сақталуы, ішкі тұтастық, заңды құрметтеу секілді негізгі қағидалармен қоса қазақстандықтардың жайлы өмір сүруін көздеу, сол бағытта халықпен қоян-қолтық жұмыс жасау – заманауи тәртіп сақшыларының қызметі. Ондағы мақсат - халықтың отандық полицияға деген сенімін арттыру.

Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен пробация бөлімі қызметкерлері Балаларды қорғау күні мерекесі күні әр ауылдағы көпбалалы отбасыларды аралап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Аудан бойынша 13 отбасындағы кішкентай бүлдіршіндерге ойыншықтар мен мерекелік торттар тарту еткен полицейлердің бұл сыйы сәбилерді қуанышқа бөледі.

t

- Мақсатымыз балаларды қуанту, көпбалалы отбасыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау болды. Қай сәби де бақытқа лайықты. Қандай сәтте де біз олардың жанынан табыла білуіміз қажет. Сонда ғана олар өздерін бақытты, қауіпсіз сезіне алады. Қоғамымыз балаларымызға тек осы мерекеде ғана емес, басқа уақытта да көңіл бөліп, үнемі назардан тыс қалдырмаса екен, - дейді аудандық ювеналды полиция тобының аға инспекторы Айсұлу Телеубаева.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz