bannerqaz

Исатайлық жастар Рәміздер күніне тосынсый жасады

Рәміздер күні мерекесіне орай Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының белсенді жастары Аққыстау ауылының орталығында тұрғындарды мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік Әнұран, Елтаңба мен Туымыз жайында жадынамалар таратты.

r

Тұрғындар мерекелік тосынсыйды жылы қабылдаған аққыстаулықтар жастардың «Рәміздер жайлы не білесіз?», «Олардың авторларын атаңыз» деген сынды сауалдарына да жауап беріп жатты. – Жалпы мемлекеттік рәміздерді білу - әр азаматтың парызы. Дегенмен, көпшілігіміз кейбір мәліметтерді білмей қалуымыз мүмкін. Өйткені, олардың әрқайсысының шығу тарихы бар. Сондықтан, мереке қарсаңында осындай шаралар ұйымдастырып тұру өте дұрыс деп есептеймін, - дейді ақын, аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрлан Мұрат. – Бүгінгі шараға ұйытқы болып отырған аудандық жастар ресурстық орталығына ризамыз. Болашақ – жастарда. Отаншыл, ұлтжанды ұрпағымыз көп болсын, - дейді ол.

r

r

Ал, орталық басшысы Ринат Есқали шараның мақсаты ауыл тұрғындарына рәміздерімізді насихаттай отырып, оларды отаншылдыққа үндеу екендігін айтады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz