bannerqaz

Күміс алқа тағынды

Еліміздің еңселі елордасы Астананың 20-жылдығына орай барлық облыс, аудан, ауылдарда түрлі мерекелік шаралар өткені белгілі.

Солармен қатар Х.Ерғалиев ауылындағы Р.Ғабдиев саябағында да шілденің бесі күні ауыл көлемінде үлкен шара өтті.

«Асқақтай бер, арман қала Астана» аталған мерекелік шарада ауыл өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, жиналғандарға мерекелік күй сыйлады. Шараның көркін қыздырған сәт әнші Ж.Жөкеев салған Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін қамысқалалықтардың қосыла шырқауы болды.

Округ әкімі Р.Тәжиденова өз кезегінде алты баланың анасы Жаңылсын Өтешованың кеудесіне күміс алқа тағып, ауыл тұрғындары Ж.Сахуалин мен Г.Қарасаеваға, мәдениет үйінің қызметкері З.Мұхтароваға, ауылдық әкімдіктің қызметкерлері Ә.Қасымова мен А.Нұрлыбековтерге Алғыс хат тапсырып қуантты.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz