bannerqaz

Мерекеде 5 әріптесіміз марапатқа ие болды

Сенбі күні Дендер ауданында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне және «Дендер» газетінің 85 жылдығына арналған облыс журналистерінің салтанатты шарасы өткен болатын.

Аталған шараға аудандық «Нарын таңы» газеті редакциясы ұжымы да қатысып қайтты. Облыс әкімі Н.Ноғаевтың өзі келген салтанатты шарада газетіміздің қызметкері Әбілмажан Шарапиденов пен «Атырау» телеарнасының операторы Ержан Шеруенов облыс әкімінің, «Нарын таңының» бет құрушысы Нұрғабыл Дәулетияров облыстық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталды. Әріптестерімізге алғыс хаттармен қоса қалта телефондары тарту етілді.

z

Айта кетейік, содан бірер күн бұрын ғана аудандық газеттің редакторы Аслан Мұратұлы «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының алғыс хатына, жауапты хатшысы Аяпберген Салихов Қазақстан Журналистер Одағының арнайы марапатына ие болған болатын.

Мерекелі сәтте мерейлері үстеген әріптестеріміздің алған марапаттары құтты болсын!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz