bannerqaz

Құрдастың құттықтауы

Газеттің белесті шағында ойға оралатын жайттар аз емес. Соның бірі осыдан он жыл бұрын орын алған болатын.

Бұл бір жағынан аудан айнасының белесті кезеңдерінің бірі ретіндегі оның алғаш шыға бастағанына 55 жыл толуы да көзтасада қалмағанының куәсі іспетті жайт. Аталған мерейтой Абай атындағы орта мектептің базасында қадери-халінше өтіп, оқырмандар ой-пікірлерін білдірді, белсенді тілшілер ұлығыланды, редакция ұжымына да игі тілектер айтылды.
Рет-ретімен жолданған ізгі ниеттердің ішіндегі жадымда қалғаны жанбайлық ақын әрі газетіміздің белсенді авторларының бірі Адайбек Есекештің сол уақыттағы бас редактор Дәулетқали Аруевқа деген арнауы болып еді. Бір жағынан бас редактормен түйдей құрдас болып та қалжыңы жарасып жүретін Адайбек сиясы кеппеген сол шығармасында кейіпкерінің еңбек жолын «Жайық шұғыласынан» бастап, «Атырауда» жалғап, енді «Нарын таңына» жетекшілік етіп жүргенін қысқаша «қыстыра» келіп:
...Жақсылық тілеп ғаламға,
Шылбырсыз мынау заманда.
Жұмасына бір көрісер
Отбасы, балалар аман ба?
Үй-жайсыз жүру үйлеспес
Шығармашылықтағы адамға.
Тірлікте мынау дарқан бақ,
Көрмесін жүзің жалтаңдап.
Бас редактор боп тарта бер
Жеткенше шамаң балпаңдап.
Туралық деген басты ұғым,
Арнаған соған жастығын.
Құттықтадым осылай
Елу бестегі газеттің
Қырық бестегі бастығын,-бір тоқтады да, жиналғандар дүркірете қол соқты. Бұл төл мерекесі - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнінің тұс алдында ғана, яғни маусымның 25-інде 45-ке толып отырған Дәулетқалиға, өз сөзімен айтқанда, «үлкен пәдәркі» болып еді. «Атырауына» қайта айналып барып, абыройлы қызмет қылып жүрген сол Дәулетқали, енді міне, 55 жасқа да аман-сау жетіп отыр. Бес жыл бойына «Нарын таңының» тізгінін ұстаған әріптеске мерекелі күні берекелі тірлік тіледік.


Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

 

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz