bannerqaz

Сала ардагері – «Ауыл еңбегі» медалінің иегері

Қарашаның үшінші жексенбісін қанжығасына бөктерген ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесін Исатай ауданы еңбекшілері бүгін, сейсенбі күні атап өтті.

koi-koneru-au

«Еңбекшіл тұлға – ел құрметтісі» аталған бұл шырайлы шара сағат 14.30-дағы спорттық шаралардан бастау алды. Ауыл шаруашылығы өнімдері көрме-жәрмеңкелері мен асыл тұқымды мал көрмелері орналасқан мәдениет үйі алаңында ауылдың «мен мықтымын» деген жігіттері әуелі қойкөтеруден бәсекеге түсті.

asheshci

Бұл сынға түскен төртеуден Аманғали Өтегенов сынды азаматтың алдына ешкім түсе алмады. Арқан тартыстан да команда-командаға бөліскен жігіттер бірін-бірі жұлқа тартып, күш атасын танымасқа салып бақты. Нәтижесінде үш орынды «Аққыстау-1», «Аққыстау-2» және «Шаруагерлер» ретінше бөлісіп, арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар иеленді.

arcan-auuu

Мәдениет үйінде жалғасқан салтанатты жиында мереке иелерін аудан әкімі Марат Мурзиев құттықтады.

akimmmb

- Бүгінгідей мерекелі сәтте берекесі мол ауданның ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне және ардагерлерiне, өнегелі өндiрiс озаттарына, барша егіншілер мен мал өсiрушiлерге ерекше алғысым мен үлкен ризашылығымды бiлдiремiн, - деген ол, ауданда шаруа адамдарына жасалып отырған қолдаулар туралы да баяндады. - Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен ауданымыздың экономикасының дамуына ғана емес, қоғамда әлеуметтiк тұрақтылықтың нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер. Тағы бір мәрте баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тiлеймiн. Жаңа табыстарға жете беріңіздер! - деді аудан басшысы.

auilshar-marapat

Мереке иелерін аудандық мәслихат хатшысы атынан депутат Аманжол Рахметов, ауыл шаруашылығы ардагері Халидолла Қадиров құттықтады.

auilshar-nagrada

Бір топ еңбек озаттары мен сала ардагерлеріне аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары ұсынылса, қамысқалалық ардагер Қайырлы Сабиров «Ауыл еңбегі» медалімен марапатталды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен қорытындыланды.

Жоламан Дәулетияр

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz