bannerqaz

Шырайлы мерекедегі шаттық шеруі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні орталық алаңда сән-салтанаты келіскен мерекелік шара өтті.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдері шеруінің мақсаты - «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы аясында іс-шараларды іске асыру жағдайында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың орындаушылық шығармашылығын қолдау және дамыту. Шара әуелі «Шәмшиден Шәріпов атындағы балалар саз мектебі мұғалімдер оркестрі» шеруінен бастау алды. Ал оған жалпы саны 11 білім беру мекемесінің 500-ге жуық оқушысы қатысты.

Мерекелік шарада аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев құттықтау тілегін арнап, мұндай шерудің бір уақытта облыстың барлық қала, аудандарында өткізіліп жатқанын айрықша атады. Сонымен қатар, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Қабделов ізгі лебізін жеткізіп, басқарма әкімшілігі атынан №4 аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің 13 баласына, Аққыстау ауылдық округінен 9 балаға демеушілік жасап, қаржылай қолдау көрсетті. Ауқымды шеруде музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен әндер шырқалып, би биленді. Мұның бәрі балалар мерекесінде есте қаларлық және ұмтылмас сәттердің біріне айналғаны анық. Түрлі аспаптармен орындалған ән мен күйдің қосындысы тамаша үйлесім тауып, жиналған қауымның қошеметіне бөленді.

Суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz