bannerqaz

«Зинеден ата» мешітінде 50 қой сойылды

«Зинеден Құрасұлы» атындағы орталық мешітте мұсылман жұртының қасиетті мерекесі Құрбан айт өз деңгейінде тойланды.

Аудан жамағатының басын қосып, діни мерекенің жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған мешіттің бас имамының міндетін атқарушы Шалхар Дәулетханұлы айт намазына жиылған тұрғындарға әсерлі уағыз арнап, намаздың орындалу тәртібін түсіндірді. Аудандық мешітті лық толтырған жамағат намазды тамамдаған соң, имам құтпасын тыңдап, бір-бірін мерекемен қуана құттықтасып жатты.

koikoteru

Намаздан кейін мешіт ауласында спорттық шаралар ұйымдастырылды. Қошқар көтеру, қол күрес, қазақ күресі, гір тасын көтеру сынды ұлттық ойын түрлерінен сынға түскен ауыл жамағаты арасында топ жарғандары сый-сияпатқа ие болды. ⠀

kures

Атап айтсақ, қошқарды 60 мәрте көтерген Нұрқуат Омаров үшінші орын мен 5 мың теңге ақшалай сыйлық иеленсе, 70 рет көтерген Дінмұхамед Қилымов 2 орынға қоса 10 мың теңгелі болды. Ал, қошқарды 76 мәрте еңсерген Аманғали Өтегенов алдына қара салмай, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол көтерген қошқарын қанжығасына байлады.

koltartis

Қазақ күресінен 70 келі салмақ дәрежесіне дейінгі палуандар арасындағы белдесуде жеңіске жеткен Ерасыл Жомартұлы қошқар жетектесе, 2, 3-орын тұғырына Алпамыс Мүскенов (10 мың теңге), Дінмұхамед Қилымовтар (5 мың) тұрақтады. Ал, 70 келіден жоғары салмақта күш сынасқан түйе палуандар арасында 1 орын мен оған тігілген қой малы Ғалимұқан Ғалымовқа бұйырып, 2, 3-орындарды Әділқор Руслан (10 мың теңге) мен Өмірбек Аян (5 мың теңге) өзара бөлісті. ⠀

gircoteru

Спорттық ойындар өтіп жатқанда құрбан шалдыруға ниет білдірген ауыл тұрғындары имам мен көмекшілеріне құрбандық тәкбірін айтқызып, мал сойдырып жатты.

Ауданның бас имамының міндетін атқарушы Шалхар Дәулетханұлының айтуынша, Құрбан айттың алғашқы күні мешіт ауласында 50 қой сойылып, оның 20-сы аз қамтылған, тұрмыстары төмен отбасыларға таратылған. Құрылған қос бірдей киіз үйде жайылған мерекелік дастархан басына ауыл жамағаты жиылып, тағылымды әңгімелер мен ақжарма тілектер айтылды.

Гүлдана ХАЙРУШЕВА

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz