bannerqaz

100 түп тал екті

«Бір күндік ағаш отырғызу» акциясына Қамысқала ауылдық округінің мекеме қызметкерлері мен жастары белсене атсалысты.

Онда мектеп, балабақша аулаларына, саябақтар мен Ахмет Жұбанов көшесіндегі жасыл белдеуге барлығы 100 түп терек егілген. Жалпы жеміс ағашының көшеттері көктемде отырғызылатыны белгілі. Бірақ, бағбандар жеміс ағаштарын көктемде емес, күзде отырғызу жөн екенін көп айтады.

Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әдемі Қасымованың айтуынша, көшеттер жерсіну үшін алдын ала дайындалған екен. Бұл ретте өңіріміздің көріктенуі мен тазалығын сақтау іспетті игі іс атқарудан ауыл халқы ешқашан қалыс қалған емес. Округ мамандарының дерегіне сүйенсек, былтыр да ауылда 100 тал егілген. Бұл жолы да ауылдастар аталмыш акцияға өз үлесін қосып отыр. Енді егілген теректер уақытылы суарылып, күтім жасалса, нұр үстіне нұр.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz