bannerqaz

21 мың теңге кімге, қалай беріледі?

Атаулы әлеуметтік көмек - табысы аз, оның ішінде көпбалалы отбасыларға қаржылай көмек берумен ғана шектелмейтін, жұмыспен қамтуға көмектесу жағы да қарастырылған кешенді көмек.

Ал, ақшалай көмекке келер болсақ, оны алу үшін отбасының табысы ескеріледі, басқа да негізге алынуы  тиіс заңдылықтары да бар. Бұл жайында кеңірек білу мақсатында аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Рашид Мұқановпен сұхбаттасқан едік. 

-Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау биылғы 1 сәуірден басталғанын білеміз. Бұл бағыттағы ұйымдастыру шаралары аудан көлемінде қаншалықты деңгейде өтуде? Тұрғындар тарапынан сұрақтар да аз емес шығар?

 - Аудан көлемінде орналасқан барлық ауылдық округтерде тұрғындармен кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында тұрғындар көптеген сұрақтарына жауап алды.   Олардың ішінде көбіне-көп қосалқы шаруашылық ретінде сүтін ішіп, етін жеп отырған 1-2 малдың есепке алыну-алынбауы, некедегі отбасылардың (ері мен әйелінің) 2 елді мекенде не болмаса біреуінің қалада, не шетелде есепте тұруы, тұрақты мекенжайдың болмауы жайында сауалдар көп қойылды. Бұл жөнінде тағы да айта кетер болсақ, некелі ерлі-зайыптылардың бір жерде есепте болғаны жөн және отбасындағы дүниеге келген балаға ата-анасы бірдей жауапкершілікте болғандықтан, екеуінің де табысы анықталуы тиіс. Сондай-ақ, отбасы белгілі бір мекенжайға тіркелуге міндетті.

 - Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қайда жүгіну қажет?

 – Азаматтар ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жеке куәлігін алып барады. Ауылдық жерде тұратын отбасы кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдіктеріне жүгіне алады.

Айта кетейік, өтініш беру үшін белгілі жағдайларға байланыс- ты шыға алмайтын болсаңыз, нотариус арқылы бекітілген сенімхатпен жақындарыңыз баруға да болады.

 

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz