Аққыстаудың шұңқырлары көміле бастады

Ауылдардың, соның ішінде аудан орталығы Аққыстау ауылының санитарлық тазалығын сақтау, көшелерді қоқыстардан тазартып, қажетсіз, қазылған шұңқырлардың орнын көму мәселесі жиын сайын айтылып жүр.

Әсіресе, тазалық түйткілі Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғ.Боранбаевтың былтырғы есептік жиынында өзекті тақырыптың бірі болып еді. Енді сол аталған мәселелер де шешімін таба бастағанға ұқсайды.

s

Ауылдық округ бойынша санитарлық тазалық, көгалдандыру шаруаларына қаражат бөлініп, тиісті конкурстың рәсімдері өткізілді. Аталған конкурстың жеңімпазы болып «У.Рыспаев» жеке кәсіпкерлігі танылды. Енді ол ауыл бойынша бұрыннан қалған қоқыстармен және үйінді топырақтармен кезінде қазылып, сол күйі қалған ауыл ортасындағы шұңқырларды көму жұмыстарымен айналысуда. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарды ретке келтіру жұмыстары да жандана түспек.

s

Айта кетейік, тұрғындар ескі қора, бұзылған сарайлардан қалған, басқа да тұрмыстық қатты қалдықтар болса, ауылдың санитарлық тазалығын қолға алған «У.Рыспаев» жеке кәсіпкерлігіне хабарласуға болады. Байланыс телефоны - 87014456565.

С.МҰРАТХАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521