bannerqaz

Қадірлі исатайлықтар!

Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың, татулық пен түсіністіктің жайдары, жарқын мерекесі - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-берекенің арқауы саналған. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған.

Ежелден Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды.

Кез келген мемлекеттің басты құндылығы - оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, мәңгілік елден асқан мақсат жоқ! Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған осы жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап, әлемдегі ең ірі дамыған елдер қатарына кіру жолында бар күш-жігерімізді аямайық!

Наурыз мейрамы әр шаңыраққа құт-береке сыйласын! Кие мен қасиет қонған қадірлі Нарын елінің әр таңы қуаныш пен шаттыққа толы болғай!

Құрметпен,аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz